Текст
2022 жылғы 28 сәуір Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мектепте 6-11 «б» сынып оқушылары арасында «Біз бір отбасымыз!» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Мерекелік шараға Оразақ ауылында тұратын қазақ, орыс, неміс, татар ұлтының құрметті ауыл еңбеккерлері шақырылды.Оқушылар қонақтармен сұхбаттасып, ән шырқап, тақпақтар оқыды, халық билерін биледі.Мерекелік концерт соңында келген қонақтар қатысушылардың өздері дайындаған тәттілерден дәм татуға шақырды.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру; өз еліне, халқына мақтаныш сезімін, басқа халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.