Текст
2022 жылдың 4 мамырында Қоянды-2 мектебінде Целиноград ауданы мектептері бойынша әлеуметтік педагогтер жұмысының жылдық қорытындысына арналған отырысы өтті. Күн тәртібінде мына сұрақтар қарастырылды: Профилактикалық (камералды) бақылау; мониторингті (мобильді) топ; 2021-2023жж. Жол картасы. Серік Қайырұлы бастаған әлеуметтік педагогтер тобы баяндамаларды тыңдап, тәжірибе алмасып, өздері қызықтырған біршама сұрақтарға жауап алды. Кейіннен Қоянды-2 мектебінің асханасына экскурсия жасады.