"Ақмола облысының білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ келесі бос орындар бойынша конкурс жариялайды: 1) қазақ және орыс тілінде мектеп алды даярлық тобы мұғалімі; 2) ағылшын тілі пәнінің мұғалімі; 3) тарих пәнінің мұғалімі (16 сағат жүктеме); 4) химия пәнінің мұғалімі(16 сағат жүктеме); 5) кітапханашы; 6) директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары; 7) бастауыш сынып мұғалімі оқыту орыс тілінде; 8) математика пәнінің мұғалімі (16 сағат жүктеме); 9) дене шынықтыру пәнінің мұғалімі (16 сағат жүктеме). Міндетті: сіз конкурстық комиссияға "педагог кадрларды жұмысқа қабылдау туралы Ереженің" 107-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес Түйіндемелер мен құжаттарды ұсынуыңыз қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото; 6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме; 7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама; 11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда); 12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда); Әңгімелесу тамыз айының 10 күні сағат 14:00де Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өтеді.
https://www.instagram.com/p/CgtNhQVtPKB/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.facebook.com/100014329576283/posts/pfbid0ZmaDBnBCPkr3UFo6zwcWZctGDHPtdm2V28Gy3Vq47j4D9u9J1dw9PCuZXmU9iJ7hl/?sfnsn=mo