2017-2018 оқу жылы Оразақ ауылы №27
орта мектебінің
қазақ тілі әліпбиі кириллицадан латын графикасына көшуі туралы
«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбында өткізілген
іс-шаралар жоспарының жазбаша
есебі.
«Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын
бастауымыз керек. Біз, бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең
түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері
мұқият дайындалдық. Биылғы жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша
қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай
стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін
мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз
қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс».
ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Жолдауынан.
Мектеп директоры Жахина Ш.И ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
биылғы жылғы кезекті Қазақстан халқына жолдауын педагогикалық кеңесінде талданды.
Жахина Ш.И алдағы уақытта қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты өтілетін іс-шаралар
жоспарын бекітті.
«Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымының қатысуымен ата-аналар
жиналысы өтті. Ата-аналар Елбасының қазақ тілінің латын графикасына көшу туралы
ұсынысын бір ауыздан қолдады.
«Латын әліпбиіне көшу – болашақ биігі» атты тақырыпта мектебіміздің 8-9- сыныптары арасында қазақ тілі пәні мұғалімдері
Жандильдина Раушан Абужусуповна, Утебаева Мөлдір Агибаевна және Армина Бақыт
Асқаровнаның өткізілген дөңгелек үстелі
тақырыпты жан-жақты талқылау барысында әр оқушының тілге деген қызығушылығын
арттырып, болашақта латын әліпбиіне көшу – бұл болашаққа бағдар жолдарын көрсете білді.
«Жаңа әліпби – жаңару кезеңі» тақырыбын тарих
пәні мұғалімдері Амантаева Гүлназ Смановна. Алимжанова Гүлназ Алданышовна және
география пәні мұғалімі Смайлов Бекзат Токтасынович жоғарғы сыныптар арасында ұйымдастырылуымен өткізілген пікірталас қорытындысы бойынша оқушылар жақсы ұтымды ойлар айтты. Сонымен қатар
«Білім айнасы» республикалық журналына жоғарыда аталған тақырып бойынша «Переход на латиницу – требование времени» атты оқу ісінің меңгерушісі Нурмагамбетова Алмагуль Омаровна мақала жариялады.
Оқу ісінің меңгерушісі: А.О Нурмагамбетова
Бекітемін:
Мектеп директоры Жахина Ш.И
2017-2018 оқу жылы Оразақ ауылы №27
орта мектебінің
қазақ тілі әліпбиі кириллицадан латын графикасына көшуі туралы
«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбында өткізілген
іс-шаралар жоспары.
№ |
Іс-шара атауы |
Өту түрі және қатысушылар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«ҚР Президентінің халыққа жолдауында айтылған латын графикасына көшу туралы ұсынысты» талдау |
Мектеп директоры жанындағы педагогикалық кеңесі |
08.02.2018 ж. |
Мектеп директоры: Жахина Ш.И |
2 |
«Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» |
Ата-аналар жиналысы |
27.02.2018 ж. |
Мектеп әкімшілігі |
3 |
«Латын әліпбиіне көшу – болашақ биігі» |
Дөңгелек үстел 8-9-сынып оқушылары арасында |
05.03.2018 ж. |
қазақ тілі пәні мұғалімдері
|
4 |
«Жаңа әліпби – жаңару кезеңі» |
(пікірталас) 9-10 сынып оқушылары |
19.02.2018ж |
Тарих пәні мұғалімі: Алимжанова Г.А |
5 |
Ақпараттық жүйелерге аталған тақырыпта мақалалар, ашық сабақтар жариялау |
Мектеп мұғалімдері |
|
Оқу ісінің меңгерушісі: Нурмагамбетова А.О |
Оқу ісінің меңгерушісі: А.О Нурмагамбетова